Қазақстанда тыйым салынған контентті репост жасаған азаматтар жауапқа тартылмақ

Қазақстанда тыйым салынған контентті репост жасаған азаматтар жауапқа тартылмақ.

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Қағидаға сәйкес, агенттік өз құзыреті шеңберінде ақпараттық кеңістікті бақылап, заңға қайшы контентті анықтайды.

Егер материалда қылмыстық құқықбұзушылық белгілері болса, іс қылмыстық-процессуалдық заңнамаға сәйкес қаралады. Ал қылмыстық құрам болмаса, материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тиісті органдарға жіберіледі. Заңмен тыйым салынған материалдар анықталған жағдайда, оларды бұғаттау үшін уәкілетті органға хабарлама жолданады.