“Еуропаға қарағанда екі есе қымбат”: Смайылов әуе билеттерінің бағасын сынады

Премьер-министр Әлихан Смайылов әуе билеттерінің баға саясатын қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Өкінішке қарай, авиакомпанияларда жолаушылармен тікелей диалог орнату мәдениеті төмен. Рейстердің кешігу себептерін уақытылы түсіндірмейді. Лайықты сервис ұсынылмайды. Осыдан барып, баға саясатында да көптеген сұрақ туындайды. Мысалы, Астанадан Алматыға дейін лоукостермен 1,5 сағаттық ұшу Еуропа, АҚШ немесе Қытайдағы осындай маршруттармен салыстырғанда 2 есе қымбат болуы мүмкін”, – дейді Смайылов. Айтуынша, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазіргі баға саясаты жолаушылардың мүддесіне емес, авиакомпаниялардың табысын арттыру үшін жұмыс істеп отыр деп санайды.