Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істің мән-жайы белгілі болды

Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істің мән-жайы белгілі болды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі “Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы” лауазымды тұлғалары мен “Ария-Жаңа Астана” ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр”, – делінген хабарламада. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды