Гавай аралдарында өрттен зардап шеккендерді құтқару әлі жүріп жатыр

Аралды қалпына келтіру де қолға алынды. АҚШ төтенше жағдайлар жөніндегі федералдық агнеттігінің басшысы Динна Крисуэлл осылай деді. Байден әкімшілігі бүкіл үкіметтің күш-жігерін Мауидегі өртке жұмылдырды. Табиғи апаттың салдарын жоюға 700-ден астам адам жіберілді, олардың 600-ден астамы аралда. Жоғалғандарды анықтау үшін іздеу-құтқару бөлімшелеріне қосымша 40-қа жуық кинологиялық іздеу тобы тартылды. АҚШ билігі зардап шеккендерге 2,3 миллион доллар көлемінде көмек бөлді. Соған сәйкес, 1300-ден астам өтінішті мақұлдады. Зардап шеккендерді тіркеу веб-сайт арқылы және телефон арқылы жүзеге асырылады. Гавай аралдарындағы жағдай АҚШ президенті Джо Байденнің бақылауында.