ІІМ: Серік Күдебаев Ішкі істер органдарынан кетті

Алматы облысы полиция департаметінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев ішкі істер органдарынан кетті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне растады. “Күдебаев Серік Мырзақұлұлы атқарып отырған лауазымынан босатылып, Ішкі істер органдарынан кетті”, – деп хабардар етті ведомстводан. Еске сала кетейік, қаңтар оқиғасынан кейін Алматы облысы полиция департаметінің басшысы болып Арыстанғани Заппаров тағайындалған.