Тұңғыш Президент Назарбаевтың мәртебесі Конституцияда анықталады

Қазақстанның Конституциясы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесін анықтайды. Бұл туралы конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірасулов ​​мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Тұңғыш Президенттің мәртебесі мәселесіне келетін болсақ, бізде бұл Конституция және конституциялық заңдармен реттеледі деп жазылған. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы. Яғни, бұл мәртебе анықталады. Бұл үлкен маңызға ие болады деп ойлаймын, өйткені еңбектер, білгілі объектив деректі бәріңіз көрдіңіздер, бүкіл әлем көріп отыр, ол Конституцияда бекітіледі”, – деді Әбдірасулов.