Мемлекет басшысы сумо балуаны Ерсін Балтағұлды қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев спорт саласындағы елеулі еңбегі үшін Ерсін Балтағұлды ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Президент спортшыны былтыр Император кубогында «маэгашира» атағын, яғни сумо балуандарының жоғары дәрежесін иеленіп, жарыс қорытындысы бойынша «Канто-сё» (жауынгерлік рух) арнайы жүлдесін алуымен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жүлденің табандылық пен қажырлы еңбектің жемісі екенін атап өтті. Ал Ерсін Балтағұл Президентке көрсеткен ілтипаты үшін ризашылығын білдіріп, еліміздің жас спортшыларымен кездесуді жоспарлап отырғанын жеткізді.
