Мәжіліс ең төменгі жалақыны белгілеу жөніндегі №131 конвенцияны ратификациялады

Мәжіліс ең төменгі жалақыны белгілеу жөніндегі №131 конвенцияны ратификациялады. Бұл құжат жұмысшылардың еңбекақысын анықтаудың бірыңғай халықаралық қағидаттарын бекітеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова осылай деді. Қоса кетейік, №131 конвенцияны бүгінде ХЕҰ-ға (Халықаралық еңбек ұйымына) мүше 54 мемлекет мақұлдаған. ТМД елдері ішінде бұл тізімде Армения мен Әзербайжан бар. Қазақстан 1993 жылдан бастап ХЕҰ-ның толыққанды мүшесі.