Үкімет үш жылға арналған бюджет жобасын мақұлдады. Заң әрі қарай Парламент қарауына ұсынылады. Қаржы министрі Мәди Такиев бюджет ұзақ уақыт ішінде алғаш рет Ұлттық қордан нысаналы трансферттерді пайдаланбай теңдестірілді деп атап өтті. Шығындарды оңтайландыру және басымдық беру бойынша жұмыс жүргізілді. Оңтайландырылған қаражат нақты секторға бағытталды. Экономиканың өсуін ынталандыратын шығыстар 10,9% – дан 16,1%-ға дейін ұлғайып, 4,470 трлн теңге болды, – деді министр. Шығыстың негізгі бөлігі – 10,7 трлн теңгесі дәстүрлі түрде әлеуметтік салаға бағытталмақ. Экономиканың нақты секторын қолдауға 3,6 трлн теңге қарастырылған. Ал күштік құрылымдарға арналған шығыстар 3 трлн теңгеден асады.
