Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин алдағы он жылда ел бюджетінің кірісі шығысынан көп болатынын айтты. Министрдің болжамынша, 2035 жылы мемлекеттік бюджеттің кірісі 66,8 трлн теңгеге дейін жетеді. Үкіметтің ұзақмерзімді даму жоспары жаңа Бюджет кодексін іске асыру үшін әзірленген. «Құжатта ұзақ мерзімді дамудың үш нұсқасы қаралған: базалық, қалыпты және балама. Балама нұсқадағы экономиканың 10 жылдағы орташа өсімі – 5,1%, қалыптыда 4,3% деңгейінде болжанып отыр. Ал базалық нұсқада 10 жыл ішінде ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 4,5% болады. Номиналды жалпы ішкі өнім 2035 жылы 473,2 трлн теңгеге дейін ұлғаяды», – деді Жұманғарин.
