Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтерді. Бұл шешім инфляция қарқынының үдеуіне, сұраныстың ұсыныстан асып түсуіне және белсенді бюджеттік саясатқа байланысты қабылданды. Экономика өсімі 6,5%-ға жетсе де, ол негізінен ішкі тұтыну есебінен болып отыр. Ұлттық банк бағаның бақылаудан шығуына жол бермеу үшін қосымша шараларды қарастыруы мүмкін. Келесі шешім 2025 жылғы 28 қарашада жарияланады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
