Әлемде құс тұмауы қайта өршіп, жаңа ошақтар тіркелуде. Мамандар мұны жабайы құстардың маусымдық көшуімен байланыстырады. Ауру үй құстары арасында 59, ал жабайы құстар мен сүтқоректілер арасында 44 рет анықталған. Вирус адамға да жұғуы мүмкін – 2003 жылдан бері 860-тан астам жағдай тіркеліп, 450-ден астамы қайтыс болған. Біріккен Ұлттар Ұйымы бірнеше елде індеттің таралуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
