Тоқаев “Nur Otan” төрағалығынан бас тартуы мүмкін екенін тұспалдап жеткізді

Фото: Inbusiness.kz

Тоқаев президент пен қандайда бір партия немесе қозғалыс арасында дистанция болуы керек деп санайды. Бұл туралы ол “Nur Otan” партиясының кезектен тыс XXI съезінде мәлім етті.
– Мемлекет басшысы ретінде ашық және әділ саяси бәсекені кепіл ету жолында қызмет етемін. Менің конституциялық міндетім – биліктің барлық тармағының әрекетін келісімділігі мен мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету. Бұл жағдайлар президент пен кез келген партия және қозғалыс арасындағы дистанцияны талап етеді. Сондықтан белгілі бір уақыттан кейін, мүмкін жыл соңына қарай ма, менің Nur Otan-дағы төрағалығымның мән-маңызы мәселесіне қайта ораламыз, – деді президент.
Сондай-ақ ол қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға түбегейлі өзгеріс енгізу қажеттігін айтып, Н.Назарбаевтың тарихи еңбегін ұмытпауға шақырған.