Түркияда тағы жер сілкінді

Фото: pixabay.com

Елдің оңтүстік-шығысындағы Адьяман провинциясында магнитудасы 4,3-ке тең жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апаттардың зардабын жою басқармасының мәліметінше, сілкініс 7 шақырым тереңдікте болған. Наурыз айының соңында Түркияның Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі болған еді.