Алматыда жалған ақша жасаушылар ұсталды

Алматыда жалған ақша жасаушылар ұсталды. Олар номиналы 10 000 теңге болатын жалған банкноталарды дайындаумен, өткізумен айналысқан. Бұл туралы қаржылық мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеріс барысында бір топ тұлғаның жалған банкноталар дайындайтын астыртын цехты ұйымдастырғаны анықталды. Цехты тінту кезінде ноутбук, түрлі-түсті принтер, сутаңбасы бар арнайы қағаз, бояу флакондары, екі жағында 10000 теңгелік бланкілері бар сандық файлдар, банкнот пен ою-өрнектің орнын алмастыратын фольгадан жасалған ленталар, кеңсе тауарлары және құны 220 000теңге болатын жалған қағаз ақша тәркіленіп алынды.

«Сот үкімімен айыпталушылар кінәлі деп танылып, астыртын цех ұйымдастырушылардың біріншісіне 5 жыл, екіншісіне 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.