Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты Қазақстанға қауіп жоқ.
Бұл туралы Иранның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Али Акбар Джоукар мәлімдеді.
«Тек болашақта Иранда елеулі тұрақсыздық немесе жаппай тәртіпсіздіктер болса, Орталық Азия аймағына қауіп туындауы мүмкін. Ондай жағдайда Таяу Шығыстан экстремистер мен террористердің ену қаупі пайда болуы ықтимал. Ал Иранда қазіргі билік сақталған жағдайда Қазақстан мен Орталық Азия үшін ешқандай қауіп-қатер жоқ», – деді Джоукар.
