Қарағанды облысында 185 миллион теңгеге криптовалюта өндірген заңсыз майнер сотталды.
Теміртау қаласында цифрлық активтерді заңсыз өндірген азамат лицензиясыз криптоферма ұйымдастырған. Э.Г. Толовов 2021 жылдан бері жасырын майнингпен айналысқан. Тергеуді Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізді.
Ол схеманы жүзеге асыру үшін Ресей Федерациясынан 156 бірлік майнинг жабдығын сатып алып, өз өндірістік базасына орналастырған. Сот үкімі бойынша оған бір жылға бас бостандығынан айыру және барлық майнинг жабдығын тәркілеу жазасы тағайындалды. Қылмыстық жолмен алынған 185 миллион теңге мемлекет кірісіне қайтарылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.
