Қытай көлік есігіндегі жасырын тұтқаларға тыйым салды

Қытай көлік есігіндегі жасырын тұтқаларға тыйым салды.

Елдің Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі жаңа ұлттық қауіпсіздік стандарты бекітілгенін хабарлады. Бұл ереже 2027 жылдан бастап күшіне енеді.

Құжатқа сәйкес, жүк салғышты қоспағанда, автомобильдің әрбір есігі сыртынан да, ішінен де міндетті түрде механикалық түрде ашылуы тиіс. Себебі апат кезінде электрондық жүйелер істен шығып, жолаушылар қамалып қалуы мүмкін.

Ал қазіргі уақытта сатылып жатқан көліктерге жаңа талаптар бірден қолданылмайды. Оларды дайындау, өзгерту немесе бейімдеуге 2029 жылдың қаңтарына дейін уақыт берілген.