Елімізде жүргізушілерді даярлау және көлікті тіркеу ережелері өзгерді.
Енді автомат беріліс қорабымен емтихан тапсырғандар механикалық көлікті де басқара алады. Жүргізуші куәлігіндегі беріліс қорабы туралы белгі алынып тасталды.
Жаңа ережеге сәйкес куәліктер цифрлық форматта қолжетімді болады, ал пластикалық нұсқалар тек 30 күн сақталып, кейін жойылады. Сонымен қатар автокөлікті сатып алу-сату рәсімі толықтай онлайн жүргізіледі: eGov порталы немесе банк қосымшалары арқылы меншік құқығын рәсімдеуге мүмкіндік беріледі.
