“Жасыратын ештеңем жоқ”. Қаржы министрі кіріс туралы декларацияны жариялауға уәде берді

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа табысы туралы декларацияны қашан тапсыратыны туралы сұрақ қойылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Мен кадр қызметіне тапсырма бердім. Заң бойынша ол жариялайды. Мен мұнымен айналысамын. Екіншіден, менің жалақымды білесіздер, жалпы жасыратын ештеңем жоқ”, – деп жауап берді министр. Қаржы министрлігінің басшысы жалпы декларациялау мемлекеттік қызметшінің заңбұзушылықтарын табу үшін жасалмайтынын атап өтті.