Елімізде банкаралық QR-төлемдер сервисі іске қосыла бастады

Елімізде банкаралық QR-төлемдер сервисі іске қосыла бастады.Пилоттық жобаны Ұлттық банк екінші деңгейлі үш банкпен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Сервис банктердің мобильді қосымшалары арқылы тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізуге мүмкіндік береді. Бүгіннен бастап банкаралық QR-төлемдер сервисі «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Home Credit Bank» АҚ және «Freedom Bank» АҚ клиенттеріне қолжетімді. Операция жасау үшін сатып алушы клиент банктің мобильді қосымшасына кіріп, сатушының терминалында QR-кодты сканерлеп, төлемді растауы қажет. Бұл тұтынушы үшін төлем қызметтерін қолжетімді етеді. Ұлттық банк қаржы нарығының қалған қатысушыларын кезең-кезеңімен қосады.