Келер жылы Алматыда бес жаңа спорттық-сауықтыру кешені салынады

Келер жылы Алматыда бес жаңа спорттық-сауықтыру кешені салынады. Олардың жалпы ауданы 15 мың шаршы метрден аспақ. Мақсат – спорт нысандарын халыққа қолжетімді ету. Бүгінгі таңда Алматыда мұндай нысандардың тапшылығы 31% процентке тең.

Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов қоғамдық кеңес отырысында осылай деді. Оның айтуынша, бұл кешендерде хореография, көркем гимнастика залдары жұмыс істейді. Ал екі спорт кешенінде бассейн және жекпе-жек залы қарастырылады. Спорттық-сауықтыру орталығы орталықтан шалғай орналасқан Жетісу, Түрксіб және Медеу аудандарында бой көтереді.