Мұнай бағасын тұрақтандыру үшін АҚШ қорынан 172 млн баррель мұнай шығарады

Мұнай бағасын тұрақтандыру үшін АҚШ қорынан 172 млн баррель мұнай шығарады.

Жоспарланған бұл көлемді нарыққа шығару шамамен 120 күнге созылады. Бұл туралы АҚШ-тың энергетика министрі Крис Райт мәлімдеді. Қазіргі уақытта мұнай бағасы Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты күрт өсіп отыр.

Халықаралық энергетикалық агенттікке мүше 32 ел энергия тасымалдаушылардың бағасын төмендету үшін қорларынан мұнай мен мұнай өнімдерінің 400 млн баррелін бірлесіп нарыққа шығаруға келісті. Бұған дейін Германия Иран төңірегіндегі қақтығысқа байланысты мұнай қорының бір бөлігін босату туралы шешім қабылдаған еді.