Қытайда өтетін Универсиадаға Қазақстан атынан 93 студент қатысады

Отандастарымыз 11 спорт түрінен бақ сынайды. 31-ші Дүниежүзілік студенттік ойындары Қытайдың Чэнду қаласында шілденің 28-і мен тамыздың 8-і аралығында өтеді. Ел құрамасы еліміздің 26 жоғары оқу орнының студенттерінен жасақталған. Шілденің 28-і Универсиаданың ашылу салтанаты өтеді. Ал шілденің 27-сі қазақстандықтар садақ атудан алғашқы жарыстарда өнер көрсетеді. Бұл додада 18 спорт түрінен 269 медаль жиынтығы ойналады. Универсиадаға әлемнің түкпір-түкпірінен он мыңнан астам спортшы қатысады.