Шымкентте Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша апелляциялық сот басталды

Шымкентте Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша апелляциялық сот басталды. Айыпталушының әкесі Жиембай Пралиев соттан баласы Ернар Жиембайдың жазасын жеңілдетіп, бостандыққа шығаруды сұрайды. Айта кетейік, биыл сәуірде Шымкент әкімдігінің алдында Руслан Берденовке оқ атылған еді. Сол кезде “Адам өлтіру” бабымен Тұрғын үй Шымкент компаниясының басшысы 9 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда қос тарап бұл жазаға келіспей, сотты апелляцияға берген. Сотталушының адвокаттары оқ шенеунікке емес, аспанға атылды деп ақталса, жәбірленуші жақ іс 99-баптың басқа бөлімі бойынша қаралуын қалайды. Бұл бап бойынша жаза мерзімі 15 жылдан өмір бойына дейін қарастырылған.